Басты

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы барлық өткізу бекеттері ашылды

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар екі тарап коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button