БастыСпорт

Мәдениет және спорт министрлігі «Дикий Арманның» боксшыларға ақша беруіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің Қазақстан құрамасының боксшыларына ақша ұстатқан сәтінің видеосына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.

Ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру-бұл Федерация мен Министрліктің ресми тұлғасы болып саналмайтын азаматтың жеке бастамасы. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп бокстан ұлттық құрама командалардың спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалғану», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019 – 2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге (3,5 млн.АҚШ доллары) бөлінгенін мәлімдеді.

Ал түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:

1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;

2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;

3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде:

1-орын үшін 10 000 АҚШ доллары;

2 орын үшін 5 000 АҚШ доллары;

3-орын үшін 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button