БастыСпорт

Әлем чемпионаты: Бүгінгі жартылай финалда бес қазақстандық боксшы сынға түседі

4 қарашада бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалға шығу үшін бес қазақстандық сынға түседі. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталатын күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (51 кг) және Абылайхан Жүсіпов (67 кг) шығады.

Ал кешкі сессия елорда уақытымен 23:00-де бастау алады. Онда Сәкен Бибосынов (51 кг) пен Серік Теміржанов (57 кг) шаршы алаңда жұдырықтасады.

Бокстан Белградтағы әлем чемпионаты жартылай финалының тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button