Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
«Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр», — деді М. Шоранов.
Бүгінгі күні елімізде жасыл аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы және 4 өңір – сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).
Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).