Тағы 1396 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1396 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 110, Алматы қаласы – 211, Шымкент қаласы – 46, Ақмола облысы – 121, Ақтөбе облысы – 25, Алматы облысы – 89, Атырау облысы – 19, Шығыс Қазақстан облысы – 82, Жамбыл облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 52, Қарағанды облысы – 129, Қостанай облысы – 132, Қызылорда облысы – 37, Маңғыстау облысы – 5, Павлодар облысы – 142, Солтүстік Қазақстан облысы – 154, Түркістан облысы – 24.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 944501.