БастыҚоғам

Елімізде кімдерге рақымшылық жасалады?

Жазасын өтеп жатқан әйелдер, егде жастағы ер азаматтар мен кәмелет жасына толмағандарға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қоғамға қауіп төндірмейтін әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарға жататын азаматтар мен I және II топтағы мүгедектерге де амнистия жарияланады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті заң жобасы қабылданды.

Қазір елімізде 34 мың адам жазасын өтеп жатыр. Жаңа құжат бойынша бір мың адам бостандыққа шығады. Тағы бір мыңына жазасын жеңілдету, мерзімін қысқарту сяиқты мүмкіндіктер қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button