44 412 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды.

3 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 44 412 адам коронавирус инфекциясынан (–38 806 + және 5 606 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 982 пациент стационарда, 36 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 528 адамның жағдайы ауыр,

– 164 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 109 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.