2 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 312 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 140, Алматы қаласында – 166, Шымкент қаласында – 35, Ақмола облысында – 105, Ақтөбе облысында – 18, Алматы облысында – 91, Атырау облысында – 20, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Жамбыл облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында -49, Қарағанды облысында – 145, Қостанай облысында – 114, Қызылорда облысында – 24, Маңғыстау облысында – 5, Павлодар облысында – 156, Солтүстік Қазақстан облысында – 145, Түркістан облысында – 13.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 943 105 адамнан анықталды.