2 қарашада бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалға шығу үшін он қазақстандық сынға түседі. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталатын күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовпен, Махмуд Сабырхан (51 кг) бразилиялық Майкл Тринидадпен, Саматәлі Төлтаев (60 кг) француз Софьян Умиамен, Абылайхан Жүсіпов (67 кг) моңғолиялық Чинзориг Баатарсухпен, ал Нұрқанат Райыс (75 кг) италиялық Сальваторе Кавалларомен жұдырықтасады.
Ал кешкі сессия елорда уақытымен 23:00-де бастау алады. Онда Сәкен Бибосынов (51 кг) колумбиялық Юберхен Мартинеспен, Серік Теміржанов (57 кг) ресейлік Эдуард Саввинмен, Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) шотландиялық Риз Линчпен, Асыланбек Шымбергенов (71 кг) украиналық Юрий Захареевпен, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Сербия өкілі Владимир Мирончиковпен кездеседі.
Бокстан Белградтағы әлем чемпионаты 1/4 финалының тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.