Бастыпроисшествие

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан әйел адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан күні сағат 18:30-да “Самара-Шымкент” автожолында Әйтеке би ауданы Белқопа кентінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. “Тoyota Prado” маркалы автокөлігінің 47 жастағы әйел жүргізушісі “Самара-Шымкент” автожолының 937 шақырымында Ақтөбе қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында Әйтеке би ауданы Белқопа кентінің маңында келе жатып, алдын ала басып озған уақытта қарсы бағыттағы “Газ-53” маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан “Тoyota Prado” маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның 48 жастағы күйеуі, “Газ-53” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жол қателіктерді кешірмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button