Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады.
Боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды. Елорда уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) Оңтүстік Корея өкілі Ин Кю Киммен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.
Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл уақытта Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасады. Ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.