Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, жүкті әйелдер мен жасөспірімдерді вакцинациялауға егу пунктерінің жан-жақты дайындығын қадағалады. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ДСЭК өкілдері медициналық ұйымдар жанындағы вакцинация пунктеріне барып, термоконтейнерлердің бар екеніне көз жеткізді, медицина қызметкерлерін инъекция жүргізу ережелерінің сақталуына тексерді.
Олар сонымен қатар вакцинацияның таралу аймақтарын тексерді.
Ересектер мен жүкті әйелдердің ағынын шектеу мақсатында басқарма жүкті әйелдерге вакцинация кестесін құруды, яғни осы санаттағы адамдарды вакцинацияға жеке-жеке шақыруды жоспарлап отыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялауды қатаң медициналық ұйымдарда, яғни БМСК ұйымдары жанындағы вакцинация пунктерінде ғана жүргізу жоспарланғанын атап өтті.
«Жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялау үшін қауіпсіз және қолайлы орта құру маңызды. Жүктілік денсаулық жағдайына жатады, онда COVID-19-дың ауыр түрі пайда болу қаупі жоғарылайды және вакцинация ұсынылады, ал емізетін аналар вакцинациядан кейін де балаларын тамақтандыруды жалғастыра алады. Бәрі ойдағыдай өтуі үшін вакцинацияның барлық пунктері екпе жүргізу басталмас бұрын тексеріледі», – дейді басқарманың Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.