происшествие

Таир Гатауов қайтыс болды

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Таир Гатауов қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол таяуда жол апатына ұшыраған болатын.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы солист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гатауов Таир Талгатұлының қайтыс болуына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Таир Гатауов Оралда дүниеге келген. Алматыдағы Селезнев атындағы Хореография училищесін бітірген және Батыс Қазақстан облысындағы Мемлекеттік университетті педагог-хореограф мамандығы бойынша бітірген.

2003-2013 жылдары Күләш Байсейітова атындағы театрда солист болды. 2013 жылдан бері «Астана Опера» театрының жетекші солисі болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button