БастыҚоғам

20-қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдейді

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын, сондай-ақ вакциналауға жататын контингенттің 70%-дан астамының қамтылуын ескере отырып, ВАК-та 2021 жылғы 20 қазаннан төмендегілерге бастап рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

келушілер COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар және мерзімі нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған құжатты ұсынған жағдайда медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) пациенттеріне бару мүмкіндігі;

түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар тұлғалар үшін 50%-ға дейінгі толымдылықпен іске асады, бірақ: «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес;

«сары аймақта» 70 адамнан артық емес; «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес. «ASHYQ» жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту: «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05-00-ге дейін; «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін сағат 03-00-ге дейін.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button