Бастыпроисшествие

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда сағат 20.00-де Әйтеке би ауданы Қарабұтақ кентінің маңындағы “Самара-Шымкент” автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

“ВАЗ-2115” автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетпей, жол-жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскеге кіріп кетіп, осы учаскедегі қозғалысты реттеп отырған ЖШС-нің 49 жастағы қызметкерін қағып кеткен. Кейін автокөлік қарама-қарсы бағытта тұрған “FAW” маркалы автокөлікке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “ВАЗ-2115” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Екінші жолаушы мен ЖШС қызметкері Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Автожолдың осы учаскесінде жол-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button