Бастыпроисшествие

Қоқыс полигоны өртеніп жатыр: үш гектардан астам жер жанып кетті

Алматыдан 35 шақырым жердегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Үш гектардан астам жер жанып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 10 маусымда сағат 14.26-да басталған. Сол кезде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабарлама түскен. Алматы – Өскемен көлік жолына жақын жерде Іле ауданындағы қоқыс полигонында тұрмыстық қатты қалдықтар өртенген.

«Шамамен 3 гектар аумақ (полигонның жалпы ауданы 38 гектар) өртенген. Өрт секундына 3 метрге дейін, арасында секундына 7 метрге дейін соққан желдің салдарынан шыққан. Алматы облысы ТЖД 16 қызметкері, «АДК Таза-Әлем» ЖШС 30 қызметкері, жергілікті атқару органдарының 10 қызметкері бірнеше техниканың көмегімен сөндіріп жатыр», – деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сөндірушілерге төбеден сөндіру керек болып тұр. Алайда қатты желдің салдарынан тікұшақ ұша алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button