Бастыпроисшествие

Маңғыстау облысында көлік түйемен соқтығысып, апат салдарынан бір адам көз жұмды

17 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бейнеу-Боранқұл тас жолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мәліметке сәйкес, «ГАЗ-3110» автокөлігін басқарған 1949 жылы туған жүргізуші жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан. Нәтижесінде бір жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Полицейлер әзірге қараусыз жайылып жүрген түйенің иесін тапқан жоқ.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады полициядан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button