БастыСпорт

Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

Бүгін Нидерландта футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғаш рет құрлықтық жарысқа 12 емес, 16 команда қатысады. Қазақстан құрамасы Испания, Ресей және Португалиямен бірге бірінші себетте.

Жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей трансляция УЕФА ресми сайтында болады.

2022 жылғы Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан арасында Амстердам мен Гронингенде өтеді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button