БастыҚоғам

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде АӘК заңсыз тағайындалған

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындау және ведомствоның осы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары туралы айтты.

Бейнеконференция режиміндегі іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, вице-министрлер, Еңбекмин департаменттерінің директорлары мен қоғамдық кеңес мүшелері, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары қатысты. 

Серік Шәпкенов өз сөзінде табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 2021 жылға 82 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Жергілікті бюджетті қоса қаржыландыру 15,2% немесе 12,6 млрд теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек төлемін 20% және одан жоғары мөлшерде қоса қаржыландыруды тек 5 өңір ғана қамтамасыз етті (Нұр-Сұлтан қ. – 2,4%, Маңғыстау – 3,1%, Түркістан – 5,7%, Ақмола – 8,4%, Атырау – 13%, Алматы қ. – 14,4%, Қызылорда – 14,8%, Шығыс Қазақстан – 15,4%, Батыс Қазақстан – 15,6%, Павлодар – 16,3%, Қостанай – 16,5%, Жамбыл облыстары – 17,8%,%).

«АӘК тағайындаудың негізділігін тексеру үшін Министрлік оңтүстік өңірлерге (Шымкент қ., Алматы қ., Алматы облысы) мониторинг жүргізді, оның барысында заңнаманы өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, АӘК тағайындау қағидатын бұзуға, жұмысқа орналастыру бойынша тікелей міндеттерді орындамауға жол берілген, жәрдемақы мемлекеттің қосымша қолдауына мұқтаж емес тұрмыс жағдайы жақсы отбасыларға тағайындалған. Сондай-ақ, АӘК заңсыз тағайындау фактілері, яғни өтініш беру кезінде жұмысы бар адамдардың кірістері жоқ деп көрсетілгені анықталды. Сонымен қатар, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы табыстың өзгеруінің 18 фактісі анықталды, соның нәтижесінде көмек негізсіз тағайындалды», – деді Серік Шәпкенов.

Алдын ала есептеулер бойынша артық төлем 3,4 млрд. теңгені құрады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button