БастыСпорт

Головкин ESPN рейтингінің үздік ондығына кірді

ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жариялады.

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің екінші орнын, ал Жәнібек Әлімханұлы сегізінші орнын сақтап қалды. Бұрынғыша рейтингіде WBC титулының иегері АҚШ боксшысы Джермалл Чарло көш бастап тұр.

ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік ондық төмендегідей:

1 (1). Джермалл Чарло (АҚШ)

2 (2). Геннадий Головкин (Қазақстан)

3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ)

4 (4). Риота Мурата (Жапония)

5 (5). Хайме Мунгия (Мексика)

6 (6). Сергей Деревянченко (Украина)

7 (7). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

8 (8). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

9 (-). Эрисланди Лара (Куба)

10 (9). Эскива Фалькао (Бразилия).

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button