
Insidethegames.biz басылымы бокстан Белградтағы әлем чемпионатына қатысатын екі спортшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатына міндетті түрде қатысатындардың тізімінде қазақстандық екі боксшы бар – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен жасөспірімдер арасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбай.
Бұл турнирде алғаш рет 13 салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.