Бастыпроисшествие

Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 5 адам ауруханаға түсті

Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында «LPG Trade»газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, инкассаторлық «ГАЗель» көлігімен және «Daewoo Nexia» машинасымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Chevrolet Cobalt« автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button