БастыҚоғам

Ақтөбе облысы «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Матрицаға сәйкес Ақтөбе облысы енді «жасыл» аймақта.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта : Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button