БастыҚоғам

Павлодар облысының тұрғыны жалға алған пәтерден теледидарды ұрлап кетті

Павлодар облысының тұрғыны жалға алған пәтерден теледидарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазан күні полицияға Екібастұз қаласының тұрғыны ұрлық туралы арыз берген. Жәбірленушінің айтуынша, ер азамат тұрғын үйді қысқа мерзімге жалға алған. Ал кейін пәтерді босатқаннан соң, азаматша “Самсунг” маркалы теледидардың жоқтығын анықтады. Өтініш берушінің бағалауы бойынша залал сомасы 267 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 29 жастағы екібастұздықты ұстады. Ұсталған ер адам пәтер иесіне тиесілі теледидарды сатқанын мойындады, ал түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жедел уәкілдер ұрланған теледидарды тауып, иесіне қайтарып берді. Қазір жалға алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Мүліктік бағыттағы қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу мәселелері – полиция қызметіндегі ең өткір мәселелердің бірі.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 1403 ұрлық жасалды, оның ішінде пәтер ұрлығы – 118, ұялы телефон ұрлығы – 270, автокөлік ұрлығы – 71, қалта ұрлығы – төрт. Жедел уәкілдер азаматтардың жеке мүлкін ұрлауға барлығы ұшырайтынын атап өтті.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button