БастыҚоғам

Енді қараусыз қалған малы үшін меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Жергілікті полиция қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 406, 408-баптары бойынша жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мал иесінің жеке басы анықталғанға  дейін қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекен-жайында ұсталатын болады.

Малдарды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған малдардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button