Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 1 499 жағдайы тіркелді.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 271, Алматы қаласында – 238, Шымкент қаласында – 37, Ақмола облысында – 110, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында – 112, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында – 95, Жамбыл облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында -18, Қарағанды облысында – 157, Қостанай облысында – 97, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 3, Павлодар облысында – 155, Солтүстік Қазақстан облысында – 122, Түркістан облысында – 19.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 907 140 адамнан анықталды.