БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 20 градусқа дейін жоғарлайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 20 градусқа дейін жылы болжанады», – делінген хабарламада.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button