Бастыпроисшествие

Қарағандыда биіктіктегі «тарзанкадан» секірген әйел көз жұмды

Қарағандыда 25 метр биіктіктен «тарзанкадан» секірген әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Қайғылы жағдай «Созвездие» қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

«Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button