БастыҚоғам

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында ойнатылған екі бөлмелі пәтердің жеңімпазы анықталды

«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтанда екпе алған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында елорданың кез келген егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған, кәмелетке толған азаматтар қатысты.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылды, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Пәтердің демеушісі – «G-park» құрылыс компаниясы.

Сонымен қатар, вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, қысқа толқынды пештер, шаңсорғыштар, үтік, фен және т.б. Вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды вакцинациядан өтуге ынталандыру үшін елорда әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында апта сайын бағалы жүлделердің ұтыс ойындары өткізілген болатын. Барлығы 19 iPhone12, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ылғалдандырғыш және басқалар ойнатылды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button