БастыСпорт

«Қайрат» футзалдан Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

«Қайрат» АФК футзалдан Қазақстан Суперкубогы матчында «Атырауды» жеңіп, маусымның алғашқы кубогының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команда сапында бүгін Дуглас, Дәурен Нұрғожин мен Біржан Оразов ойнаған жоқ, оларға Кака құрама матчтарынан кейін демалыс берген.

Соған қарамастан, Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде алматылықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Алматылықтар сапында Рангел, Альберт Ақбалықов, Витао мен Эдсон (дубль) соқты. Ал атыраулықтардан Жомарт Тоқаев пен Эрик Данило көзге түсті.

Естеріңізге сала кетейік, АФК «Қайрат»- Қазақстанның қазіргі чемпионы.

Қазақстан Суперкубогы – 2021.

«Қайрат» – «Атырау» 5:2 (2:0)

Голдар: Ранжел, Витао, Ақбалықов, Эдсон 2 – Тоқаев, Данило.

«Қайрат»: Игита (Қ, К), Эдсон, Ранжел, Савио, Витао; Имағамбетов (Қ), Серіков (Қ), Ақбалықов, Есенаманов, Тұрсағұлов, Досов, Абдеш, Карменов, Төлеубеков.

«Атырау»: Далтон (Қ), Фукин, Део, Данило, Синезио; Шарапиденов (Қ), Сарбасов, Амандосов, Есениязов, Нұрғалиев, Мадиев, Тоқаев, Жұмахмет, Қазақ.

7 қазан. Нұр-Сұлтан. «Сайран Арена».

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button