
Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан әлемдік «Denis Ten Memorial Challenge» додасы өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.
Мәнерлеп сырғанаудан «Challenger» бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтанда 28-31 қазан аралығына жоспарланған.
«Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.
Айта кетейік, аталған жарыс Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында екінші рет ұйымдастырылып отыр.