БастыҚоғам

Елордада тағы бір вакциналау пункті ашылды

Нұр-Сұлтанда тағы бір вакцинация пункті ашылды.

Азаматтарды КВИ-ға қарсы  вакцинациялауға арналған аймақ Гете көшесіндегі теміржол вокзалында (ескі вокзал) ұйымдастырылды. Вакцинация пункті ғимараттың кіреберісінің жанында 1 қабатта орналасқан. Егу пунктінде, барлық басқа вакцинация пункттеріндегідей, азаматтардың таңдауына вакцинаның үш түрі ұсынылады: Спутник, QazVac, Sinofarm.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егу пункттері «Нұрлы жол» теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылған болатын.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» сауда үйінде. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button