БастыҚоғам

“Оқуға түсіріп беремін”: Ақтөбе тұрғыны 1,3 млн теңгеге алданып қалды

Ақтөбеде алаяқ сенгіш тұрғынның 1,3 млн теңгесін иеленіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 29 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Өтініш берушінің айтуынша, 2 шілдеде ол қаланың ескі бөлігінде орналасқан дәмханада алдын ала келісім бойынша бейтаныс әйелмен кездесті. Күдікті қала университеттерінің біріне “ақысыз бөлімге” түсуге жәрдемдесетінін айтып, көрсетілген қызмет үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрметті азаматтар! Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button