
6 қазанда елордалық «Барыс» ҚХЛ аясында өз алаңында «Авангардпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Авангард» 12 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 6-орында тұр. Ал қазақстандық клуб Шығыс конференциясында 9-орынға жайғасқан.
«Барыс» — «Авангард» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.