Бастыпроисшествие

Атырау облысында шөптің өртенуі салдарынан 3 бала қаза тапты

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

“2021 жылдың 5 қазанында сағат 19.27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді”, – делінген хабарламада.

6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін ПД қызметкерлеріне тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button