Қайрат Нұрдәулетов бастаған Қазақстан жастар құрамасының (U-21) жаттықтырушылар штабы Бельгия және Түркияға қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында жас футболшыларымыз Бельгия және Түркиямен кездеседі.
Жастар құрамасына 25 ойыншы шақырылды:
Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтаарал»);
Қорғаушылар: Дінмұхамед Кашкен, Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Равиль Ибрагимов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет, Мейрамбек Қалмырза (бәрі – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Таир Нұрсейітов («Шахтер»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев («Астана»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Еркебұлан Сейдахмет (бәрі – «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Жаслан Қайыркенов («Атырау»);
Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат Мәскеу»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Владислав Прокопенко («Астана»).
РЕЗЕРВ: Владислав Саенко («Қызыл-Жар»), Нұрали Мамырбаев («Атырау»), Бекзат Құрманбекұлы («Қайсар»), Станислав Басманов («Астана»), Дмитрий Бачек («Антекера», Испания), Иван Свиридов, Абылайхан Назымханов (екеуі де – «Шахтер»).
Бапкерлер алқасы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Асқар Ыдрысов – аға бапкердің ассистенті, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің ассистенті, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Ахматхон Искандаров – дәрігер.