БастыӘлем

Facebook қолданушыларының жеке деректері ұрланған ба?

Инженерлер Facebook желісінің маршрутизатор конфигурациясында өзгеріс енгізу дұрыс жасалмағасын техникалық ақауға ұшырағанын айтты.  Бұл туралы Facebook инженерлерінің ресми сайтында хабарланды, деп жазды factcheck.kz

«Біздің деректер орталығы арасындағы желілік трафикті үйлестіруге жауап беретін негізгі маршрутизатордың конфигурациялық өзгеріске ұшырауына байланысты желіде қиындық туғызды. Желі трафигінде мұндай қиындық пайда болғасын дерек орталықталығының байланыс тәсіліне әсер етті. Салдарынан біздің қызметіміздің жұмысын тоқтатты», – делінген Facebook инженерлерінің сайтында.

Сонымен қатар, инженерлер Facebook, Instagram және WhatsApp қолданушыларының жеке деректері үшінші тарапқа тарамағанын хабарлады.

Айта кетейік, кеше Facebook компаниясына тиесілі Instagram, WhatsApp және басқа да қосымшалар шамамен 7 сағатқа қолданушыларға қолжетімcіз болды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button