БастыСпорт

Елордалық шахматшылар Әлем чемпионатында төртінші орын алды

Елордалық спортшылар Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова жеке есепте, әйелдер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 12 елінен үздік шахматшылар қатысты: АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Польша, Ресей, Франция, Украина және Қазақстан.

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды. Ол тұрақты сәтті ойын көрсетті. Сондай-ақ, жеке есепте 16 жастағы шахматшы, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова қола медальға ие болды. Үшінші тақтада ойнаған елордалық спортшы Үндістан мен Украина командаларына қарсы ойында жақсы нәтиже көрсетті.

Командалық есепте ел құрамасы үздік төрттікке шықты.

Біріншіліктің жеңімпаздары ресейліктер болды, Үндістан құрамасы екінші орынды иемденді. Үшінші орынды Украина мен Грузиядан келген шахматшылар өзара бөлісті.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button