БастыСпорт

Қанат Ислам рингке қайта оралады

36 жастағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Осы оқиғаға арналған бокс кешін Turan Promotion ұйымдастырады. Іс -шараның күні мен орны талқыланып жатыр, бірақ оның 2021 жылы өтетіні белгілі.

Қанат Стамбулда (Түркия) жаттығады. Ол жаттығуды маусым айында бастауды жоспарлады, бірақ белгісіз себептермен кейінге қалдырылған.

Кейінгі жекпе-жегін ол 21 ақпанда Майамиде (Флорида, АҚШ) эквадорлық Джейсон Миндоуге (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізді. Жетінші раундта отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберді. Жекпе -жектен кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Қанаттың маусым айында тағы бір жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Жалпы, биыл қазақстандық екі кездесу өткізуді жоспарлаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button