Басты

Елордалықтардың 67% – ы коронавирусқа қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияға қарсы екпені (1-ші компонентпен) азаматтардың 66,9% – ы алды. Қалада барлығы 433 мыңнан астам азамат бірінші компонентпен егілді, 393 мың адам толық иммундаудан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакциналау пункті бар: «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» сауда үйлері, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында. Вакцина алу пунктері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакциналау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button