БастыҚоғам

Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды

Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы көшедегі дәретханаға тасталған нәрестенің және кейіннен табылған оның анасының жағдайын айтты.

«Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, алайда, орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ал, нәрестенің анасы – Индер ауданының 1990 жылғы тұрғыны аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды. Қазір жаңа туған шақалақ та, анасы да дәрігерлердің бақылауына алынды. Оларға қажетті емдеу шарасы көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button