БастыҚоғам

Алматыда азық-түлік бағасы өсе ме?

Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек брифинг барысында «Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді.

«Біз қаладағы бағаның өсімін тежеу үшін барлық шараны қолданамыз. Бізде екі механизм бар – ынталандыру, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне бағаны ұстап тұру бойынша міндеттемелер мен әкімшілік ресурстарды алу үшін қарыз беру, яғни шекті бағаларды бақылау», – деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 109,6 пайыз болды. Бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен болып, қала 19 өңір арасында 15-ші орында тұр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өскен.

«Бұл макроэкономикалық көрсеткіш, бірақ біз қаладағы бағаны ұстап тұру үшін барлық шараны қолданамыз», деді Дамир Тазабек.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button