БастыСпорт

Юлия Путинцева Astana Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне  сілтеме жасап. 

Осы доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Анастасия Гасановамен кездесті. Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда Юлия Путинцева Гасанованы тас-талқан етті – 6:0. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 2 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың сегізін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейктен аса алмады. Ю.Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, тағы бір ресейлік Анастасия Потапова немесе одан алты сатыға төмен тұрған швециялық Ребекка Петерсонның біреуімен таласады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button