БастыСаясат

Тоқаев Путинге пандемия кезінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы індеттің таралуына байланысты күрделі кезеңде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорда жазды.

– Ресей алғашқылардың бірі болып дәрі-дәрмек жеткізді, сынама жүйелерін  қайтарымсыз ұсынды, Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға айтарлықтай көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен эпидемиологиялық ахуалы күрделі өңірлерде иық тіресе еңбек етті және тәжірибелері мен білімдерін бөлісе отырып, өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарды. Өзара уағдаластықтарды орындау барысында ресейлік «Спутник V»  вакцинасын Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірудің іске қосылуы осы кезеңдегі ынтымақтастығымыздың маңызды сәті болды. Мұның бәрі Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктес әрі одақтас екенін нақтылай түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button