Бастыпроисшествие

Түркістан облысында жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Түркістан облысында жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде 113 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген.

Осындай балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында Түркістан облысында “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында Әкімшілік полиция басқармасы мен Жол және коммуналдық қызметтің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер және жолға жақын орналасқан балабақша ғимараттарының алдындағы жолдарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button