Басты

Бейбіт Атамқұлов :Халықаралық рейстерді ашу жоспарлануда

Эпидемиялық жағдай жақсардың жақсаруына сай, біртіндеп халықаралық әуе қатынасы ашыла бастайды.

Маусым айының соңына қарай Түркияға рейстер ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол 1 мамырдан бері Нұр-Сұлтаннан мен Алматыдан елдің 20 қаласына ұшатын ішкі рейстер біртіндеп қалпына келтірілгенін еске салды. Қазір 44 ішкі бағытпен күніне 49 рейс орындалып жатқанын айтты. 188 мың әуе билеті сатылған екен.

» Халықаралық рейстерді ашу жоспарлануда. Маусым айының соңына таман Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерін қайта қосуды жоспарлап отырмыз. Одан кейін эпидемиялық жағдай түзеле бастаса, басқа да халықаралық бағыттар ашыла бастайды», деді ол үкімет отырысында.

1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының 54 жұбы жүре бастады. Теміржолға билеттер сату 15 мамырдан бастап ашылған, қазірге дейін 645 мың жол жүру құжаты сатылған екен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button