БастыҚоғам

Серік Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Қабылдау барысында ведомство басшысы НұрСұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Ақмола және Атырау облыстарының 7 тұрғынының мәселелерін қарады.

Азаматтар министрге жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарды және Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері мәртебесі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсету бойынша тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button