БастыСпорт

Юлия Путинцева Astana Open турнирін сәтті бастады

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Елімізде алғаш рет осындай жоғары деңгейде өтіп жатқан жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші айналымда рейтингіде 162-орында тұрған грузиялық Екатерина Горгодземен кездесті. Ю.Путинцева қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен оңай ұтты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Горгодзе 1 эйспен шектеліп, брейкке қол жеткізе алған жоқ. Ю.Путинцеваның келесі қарсыласы – Беларусь өкілі, рейтингіде 408-сатыдағы Вера Лапко. Ол бастапқы кездесуінде германиялық Юле Нимайерді ұтты – 7:5, 4:6, 6:4.

Басқа жаңалықтар

Back to top button