Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Екеуіміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр.
Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», – деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді.