БастыДенсаулық

Алматы облыстық соты карантинге жабылды: сот істерін қарау мәселесі кейінгі шегерілді

Алматы облыстық соты карантинге жабылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

«COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты 2020 жылдың маусым айының 8-19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, соттағылардың мәліметінше, енді ғимаратқа бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.Ал облыстық соттың барлық қызметкері жеті күндік үйдегі карантинге оқшауланады.

Сот істерін қарау мәселесі кейінге шегерілетіні айтылады. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады деді соттағылар.

«Қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің(ары қарай- ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорған қалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады; шектеу шараларының мерзімі мен режимі COVID-19 короновирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button